Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ЖЕЗҚАЗҒАН: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)
28 тамыз, 2020 жыл 38 Басып шығару нұсқасы

Жаңа оқу жылы қарсаңында жылдағы үрдіс бойынша облысымызда «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып келеді. Биыл да игі шара қарқынды бастау алды. Осындай қайырымдылық шарасы бүгін Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінде болып өтті. Берекелі шарада көмекке мұқтаж отыз отбасында тәрбие алып жатқан, мектеп оқушысына оқуға қажетті құрал жабдықтар сыйға тартылды. Мешіт тарапынан ұйымдастырылып жүрген әрбір қайырымдылық іс-шара жұмыстарында «Жусан» операциясымен оралған отбасыларға да үнемі көмек көрсетіліп, қайырымдылық жұмыстары жасалып келеді. Бүгін де осы отбасылар ішінен үш мектеп жасындағы балаға оқу құралдары мен мектепке қажетті заттар үлестіріліп, көмек көрсетілді. Сонымен қатат, мешітте өткен акцияға келе алмаған отбасыларға мектеп заттары жеткізіліп берілді. Игі іс Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің имамы Тағаев Нұрбол және Жезқазған өңірінің «Зекет» қорының өкілі  Айтжан Аққошқаровтың бірігіп ұйымдастыруыме жүзеге асты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары