Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысында «Мектепке жол»акциясы өз жалғасын табуда(фото)
27 тамыз, 2020 жыл 31 Басып шығару нұсқасы

Жылдағы үрдіс бойынша  облысымызға қарасты елді-мекендерде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып жатыр. Игі шарадағы басты мақсат, жаңа оқу жылы қарсаңында көмекке мұқтаж отбасыларға демеушілік көрсетіп, балаларды мектепке қамдау. Мұндай қайырлы іс көмекке зәру отбасылардың, көп балалы аналардың көңіліне медеу, жағдайына демеу болары анық. Осындай игі шараның бірі Жаңаарқа аудандық «Халық» мешітінде, Түгіскен ауылдық мешітінде және Орынбай ауылы мешітінде ұйымдастырылды. Оқуға қажетті құрал-жабдықтар толтырылған мектеп сөмкесі балаларға сыйға беріліп, қуаныш сыйлады. Берекелі шараны ұйымдастырып, аудан және ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлаған мешіт қызметкерлері мен демеушілерге ата-аналар өз алғыстарын білдіріп, рахмет айтты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары