Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БАЛҚАШ ЖӘНЕ ЖӘЙРЕМ МЕШІТІ «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)
26 тамыз, 2020 жыл 44 Басып шығару нұсқасы

Жылдағы үрдіс бойынша Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық жұмыстары аясында Балқаш және Жәйрем мешітінде  «Мектепке жол» қайрымдылық акциясы өтті.                                               Жаңа оқу жылының қарсаңында Балқаш қаласында көмекке мұқтаж көп балалы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында мектеп жасындағы оқушы балаларға 45 мектеп сөмкесі үлестірілді. Дәл осындай игі шара Жәйрем кентінде болып өтті.  Қолдауға мұқтаж 5 отбасының алғашқы сыныбына баратын балаларына білім алу үшін қажетті барлық құрал-жабдықтарға толтырылған сөмкелер сыйға тартылды.         

Ата-аналар игі шараны ұйымдастырып, хайырлы істің басы-қасында жүрген Балқаш қалалық мешітінің имамы Тольтаев Ербол Муканұлы және Жәйрем кентінің имамы Мурсали Қаленұлына және демеушілік көрсеткен барлық жомарт жандарға   өз алғыстарын білдірді.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспаөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары