Тілдік нұсқа
Радио

Фото

30 игі шара: Қарағанды облысында Тұма бұлағының көзі ашылды (фото)
10 тамыз, 2020 жыл 45 Басып шығару нұсқасы

Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Мерейтойдың құрметіне ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен "30 жылдыққа 30 игі шара" науқаны аясында республика бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылу үстінде. Сондай берекелі шараның бірі Қарағанды облысына қарасты Жәйрем кенті мен Түкөскен ауылының екі ортасында орналасқан жаңа Тұма бұлағының көзін ашу шарасымен жалғасты. Берекелі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа  арнайы қатысып, осындай айтулы күнде мерейлі қуанышты аймақ тұрғындарымен бірге атқарды. Жаңа бұлақтың басында Құран оқылып, дұға жасалды.

"Бұлақ көрсең көзін аш" дейді бабалар сөзінде. Халқымыздың әрбір сөзінің астарында үлкен мән жатыр. Жоғарыдағы айтылған нақыл да, құлаққа қаншалықты қарапайым естілгенімен мөлдір бұлақтың көзін ашу  адамзат тіршілігі үшін аса бір маңызды, сауапты іс екендігінің дәлелі. «Бір адам құдық қазсамың адам су ішеді» дейді қазақта.  Осындай игі дүниенің жүзеге асуына үлкен үлес қосып, демеушілік еткен «Болашақ Жайрем» комуналдық қызметінің басшысы Қазбек Мадібекұлына барша ауыл-аймақ тұрғындары мен жамағаты ерекше алғыстарын білдіріп, ауыл ақсақалдары өз батасын берді.

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі    

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары