Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАСИЕТТІ ЗУЛХИДЖА АЙЫНДА САРАН ҚАЛАСЫ МЕН ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛЫНДА ИГІ ІС ЖҮЗЕГЕ АСТЫ (ФОТО)
29 шілде, 2020 жыл 29 Басып шығару нұсқасы

Ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан.

Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған. Жаратқан иеміз көптеген аяттарында мұсылмандарға қарата: «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни, о дүниеде тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» («Хаж» сүресі, 77-аят)«(Кімге) қандай жақсылық жасаған болсаңдар, Алла тағала оны шүбәсіз біледі» («Бақара» сүресі, 215-аят)-, деген.

        Әлемде аса күрделі жағдай орын алуына байланысты еліміз де қиын күндерді бастан өткеріп жатыр. Осындай қысылтаяң сәттерде еліміздің әрбір мешіті мен жамағаты, жомарт азаматтары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе қоса бірігіп атқарып жатқан қайырымдылық шаралары өте көп.  Қасиетті Зулхиджа айының құрметіне Саран қаласында облыс бас имамыны Өмірзақ қажы Бекқожаның қатысуымен құрбандыққа үш қой сойылып, еті мұқтаж жандарға үлестірілді. Ел амандығын тілеп барша жамағат болып Алладан дұға тілесті. Құран оқылды. Игі шара мұқтаж жандарға үлкен қуаныш сыйлап, мерейін асырды. Осындай берекелі шараның бірі Бұқар жырау ауданына қарасты Қызылжар ауылында өз жалғасын тапты. Құрбандыққа ірі қара мал  шалынып, еті көмекке зәру жандарға таратылды. Алдағы уақытта да мұндай қайырымды шаралар жалғасын табады. Жақсылық жасау діннің және діндарлықтың керемет жемісі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары