Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ АҚТОҒАЙ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ (ФОТО)
19 шілде, 2020 жыл 39 Басып шығару нұсқасы

Алла тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам мол сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақиқат байлық - мал-мүліктің көп болуы емес, ақиқат байлық - кеңпейілділік, қайырымдылық», «Қайырымдылық - жақсы қасиет» - деген.

Қарағанды облысының түкпір-түкпіріндегі барлық мешіттер жарыса жасап жатқан қайырымдылық іс-шарасы бүгін Ақтоғай ауданында облыстық мешіттің наиб имамы Хумар Қоныскерейдің қатысуымен  өз жалғасын тапты. Ел басына күн туған сын сағатта аймақтың  жамағаты және жергілікті тұрғындардың қолдауымен сауапты іс жүзеге асты. Құрбандыққа бір қой шалынып, Алла Тағаладан ел-жұрттың амандығы үшін Құран оқылып,  дүйім жұрт дұға тілесті. Сондай-ақ, бір жылқы сойылып, еті жағдайы төмен көмекке мұқтаж отбасыларға таратылды. Сонымен қатар, әр отбасына 2 литр қымыздан үлестірілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары