Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ АУЫЛДАРДА ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛЫНЫП, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ (ФОТО)
14 шілде, 2020 жыл 83 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен, Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының тікелей қатысуымен Бұқар жырау ауданының екі бірдей ауылында құрбандық шалынып, игі дұға жасалды. .Атап айтқанда, Ақтөбе ауылында екі сиыр құрбандыққа шалынып, еті жағдайы төмен, көмекке мұқтаж отбасыларға таратылды. Артылған қаражат ИВЛ апараттарын сатып алуға жұмсалды. Сонай-ақ, Мұстафин кентінде құрбандық шалынып, еті қарттар үйіне қайырымдылық көмек ретінде үлестіріліп берілді.

Осындай сын сағат  көмекке  мұқтаж адамдардың бір-біріне жәрдемдесуін, бір-бірінің кем-кетігін толтыра отырып өмір сүруін талап етеді. Сондықтан да ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан.

Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған.

 

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары