Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарияларға құрмет көрсетілді
11 мамыр, 2020 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

Он екі айдың сұлтаны болған ұлық рамазан айының басталуымен қайырымды істер тізбегі жалғасып, көптеген отбасыларына күнделікті қажетті азық-түлік таратылды. Қалалық мешіттер мен «Зекет» корпоративтік қоры, «Ана-Мама» қоғамдық қоры бұл жолы әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен қатар, «Жеңіс» күнінің құрметіне соғыс және тыл ардагерлеріне де ат басын бұрып, абыз жандардың шаңырақтарында қонақта болып қайтты. Балалық шақтың кермек дәмін Отан соғысы жылдарында өткізген қариялар арасында мешіттің жанашыр ақсақалдары да бар. Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы бастап барған имамдар тобы жетпістен астам жанұяға ауызашарға арналған азық-түлік қоржынын жеткізді. Дария кеуде қариялар емен-жарқын сұхбаттасып, көңілдерін көтерген имамдарға, ел мен жерге бейбітшілік пен тыныштық тілеп, ақ баталарын берді.

«Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген қағиданы жадында жаңғыртқан ұрпақтар сабақтастығы рамазан айының берекелі күнінде жүзеге асты.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары