Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды имамдарының онлайн жиыны өтті
21 сәуір, 2020 жыл 122 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы ұлық рамазан айы қарсаңында қала, аудан имамдарымен тікелей онлайн қосында жиын өткізді.

         Алқалы жиын барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының, наиб мүфти Ершат Оңғаровтың ағымдағы жылдың Рамазан айына қатысты тікелей көрсетілімін қарап, тың ақпараттармен танысты.  

         Сондай-ақ тікелей онлайн жиынға "Жастар ісі" секторы бөлімінің жауапты өкілі, наиб имам Мұсабеков Нұржігіт және өңірге қарасты 23 имам қатысты. Жиын барысында бас имам дін қызметкерлерін есік ашқалы тұрған қасиетті рамазан айымен құттықтап, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының үндеуі мен ҚМДБ-ның соңғы шыққан пәтуаларымен таныстырды. Еліміздегі төтенше жағдай кезінде атқарылатын қайырымдылық шаралар, онлайн жүйеде дәрістер мен насихат айту, тарауих намаздары мен пітір садақаның берілуі жолдары, халық арасында тұрақтылық сақтау турасында өзекті жайттар қарастырылып, тиісті нұсқамалар жолданды. Имамдар тарапынан жолданған сауалдар мен ұсыныстар ортаға салынды.

 

        

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары