Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚМДБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ДҰҒА ЖАСАДЫ (ФОТО)
18 наурыз, 2020 жыл 29 Басып шығару нұсқасы

Бүгін елордада «Ақ мешіт» мешітінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Құран оқып, дұға жасады.

«Уа, Алла Тағала! Еліміздегі және әлемдегі күллі мұсылман үмбетін, барша адамзат баласын жұқпалы індеттен сақтағайсың. Науқастанған жандарға шипаңды бере гөр. Мешіттерімізді жамағатқа толтыр. Қажылық құлшылығын жалғастыруды нәсіп ет. Осы сынақтан сүрінбей өтуге жәрдем бер. Жұқпалы індетке душар болған жандарға жар болғайсың. Оларға ем-дом шараларын жасап жатқан азаматтардың жұмысына жеңілдік бергейсің. Уа, Алла! Еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апат пен індеттен сақтағайсың. Халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп еткейсің» – деп дұға жасады ҚМДБ қызметкерлері.

Құран бағыштап, дұға жасау рәсімдерінен кейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі мұсылман жамағатын Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтып, төтенше жағдайға байланысты дұға жасауға үндеді.    

http://www.muftyat.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары