Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Кітап оқудың пайдасы зор
11 наурыз, 2020 жыл 848 Басып шығару нұсқасы

 

         Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байып, есте сақтау қабілетін арттырады, адамның сөздік қорын көбейтеді. "Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына" деп, ұлы ақын, ойшыл Әлішер Науаи адамзат құндылығына назар аудартқан. Расында қай заманда да кітаптың адам өмірінде алатын орны ерекше. Себебі кітап кемелденуге көмектеседі. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқудың жеті түрлі пайдасы бар екен.

1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі. 

 2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. 

3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.

4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі. 

5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.

6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады. 

7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады. 
         Осы негізде Қарағанды облыстық мешітінің "ЗЕЙІН" оқырмандар клубы бір айда бір кітап оқу жоспары негізінде "Дін мен Дәстүр" кітабын оқып шықты. "Жастар ісі" және "Әйелдер-қыздар" секторы бірлесіп өткізілген шарада тест арқылы сұрақтар қойылып, озық жауап берген оқырмандар жүлделі орындармен марапатталды. Көктем мерекесінің құрметіне әйелдер қауымына құрмет көрсетілді. Наурыз айына арналып "Мәңгі мұғжиза" кітабын оқуға жоспарланды.

 

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары