Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Бас имам Балқаштағы игі істерге басымдық берді
03 ақпан, 2020 жыл 101 Басып шығару нұсқасы

Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы Балқаш қаласына барған сапарында ауқымды іс-шараларға қатысты. Балқаш орталық мешітінде жұма уағызын айтып, намаздан соң  мешіт жамағатымен жүздесті. Мұсылман арасындағы өзара бірлік пен тұтастық және жат ағымның зардабы турасында сұхбат өткізді.

         Осы күні мешіт имамы Ербол Мұқанұлының мәдениет үйінде ұйымдастыруымен "Рухани жеті қазық" тұғырнамасы негізінде жергілікті бұқара қауыммен өткен кездесуге қатысып, келелі мәселелер қамтылды. Діни рәсімдер тізілімі мен ас беру және жерлеуге қатысты жайттар талқыланды. Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы облыс аумағындағы жерлеу рәсімдеріне байланысты жүргізіліп жатқан іс-шаралардың уақыт талабына, шариғат негіздеріне сай болуын түсіндіріп өтті.  Ас беру барысында белгіленген тағам түрлерін жасау, кезегімен сөз сөйлеуді азайту, мархұмның өміржолын ғана еске алу, асханаларда қонақасын тоқтату, ескерткішке фото салдырмау, қабірден топырақ әкелмеу, бейіт басына шүберек байламау, мәйітпен қоштасуды шектеу секілді   жайттарды атап өтті. Осы үрдістер жиынға қатысушылардың қолдауына ие болды. Алқалы жиында қалалық ардагерлер алқасының төрағасы Т.Жұманов, ардагерлер алқасының мүшесі Б.Төлеуов, әйелдер кеңесінің төрайымы Б.Уалиева  өздерінің ортақ ой-пікірлерімен бөлісті. Аталған жайттарды халық арасында кеңінен насихаттау және түсіндірме жұмыстарын жүргізу күнтәртібіне енгізілді.  

         Берекелі басқосудан соң бас имам қалалық мешіттегі Құран жарысына қатысып, әділ қазылар алқасына төрелік етті.  17-55 жас аралығындағы мешіт жамағаты арасында өткен сайысқа он екі үміткер қатысты. Бір параны жатқа оқу және түпнұсқада мәнерлеп оқу сайысында жеңімпаз болған І-ші орын иегеріне 50 000 (елу мың) теңге, ІІ-ші орынға 30 000 (отыз мың) теңге, ІІІ-ші орынға 20 000 (жиырма мың) теңге жүлделері табысталды. Жалпы қатысқандарға діни әдебиеттер мен марапаттау қағаздары берілді. Осы негізде алдағы уақытта 2 және 3 парадан сайыс өткізуге жоспарланды. 

Балқаш аймағында діни істерді өрістетіп отырған имам Ербол Мұқанұлының жыл басындағы тәлім-тәрбиелік және халыққа берері мол іс-шаралары алдағы күндері де тізбектеліп өз жалғасын табады.

 

 

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары