Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Абай қаласында "Адамзаттың асылы ардақталды"
12 желтоқсан, 2019 жыл 95 Басып шығару нұсқасы

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мәулiтiн мерекелеп, жамағат болып салауаттар айтып, осы айды сауапты амалдармен безендіріп, насихаттарды арттыру дәстүрге айналды. Осы негізде Абай қаласының аудандық Мәдениет үйінде имам Аманбол Рымқұлұлының ұйымдастыруымен "Адамзаттың асылы" тақырыбында рухани кеш өтті. Сахнада мәуліт оқылып, діни уағыздар, ғибратты әңгімелер мен ақиық ақындардың арнаулары айтылды. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туғанынан бастап, дүние салғанға дейінгі өмірін шумақты арнауға сыйдырып, оның бойындағы ізгі қасиеттер насихатталды. Қарттар үйінің тауқыметі турасында көрсетілген қойылым көпшілікке ерекше әсер беріп, ата-анаға деген мейірім шуағына бөледі. Бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы көпшілікті құттықтап,  пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен үлгі алуға үндеді. Игі шара барысында Құлайғыр ауылында 20 жылдан аса дінге қызмет етіп келе жатқан ақсақал Абдрахманов Сағынтай имамға демеушілер тарапынан үлкен қажылыққа сертификат табысталды. Төрт бағыт бойынша алдын ала ұйымдастырылған мектеп оқушыларына арналған шығарма бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды. Жиналған қауымға имандылық иірімдеріне арналған "Сүйікті Отанымның мешіттері" атты көрме ұйымдастырылды. Осы ауқымды іс-шара аясында елу отбасына қайырымдылық негізде азық-түлік таратылды. 350 адамға ас беріліп, сыйлыққа кітаптар мен құрмалар үлестірілді. "Мәуліт кубогі" атауымен жастар арасында футбол ойынымен жалғасқан мерейлі күнде жарыс жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табысталды. «Ахзаб» сүресiнің, 20-аятында: «Расында, сендер үшiн, Алладан да, ақирет күнiнен де үмiт еткендер және Алланы көп еске алатын кiсiлер үшiн, Алланың елшiсi (Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарда) көркем өнегелер (үлгілі қасиеттер) бар» делінген. Жүнайд Бағдади: «Кiмде-кiм Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулiтiне қатысып, оны ұлықтаса, ол шынында да иманды,– деген. Хасан Әл-Басри (р.а.): «Менiң Ухуд тауындай алтыным болса, оны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мәулiтiн оқытуға жұмсар едiм»,– деген. Осы игілікті іске атсалысқан барлық жомарт жандарға Алланың разылығы болсын.

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары