Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс әкімі имамдармен кездесті
11 желтоқсан, 2019 жыл 176 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысы әкімі Қасымбек Жеңіс Махмудұлы "Әнет баба" мешітінде аймақтағы қала, аудан имамдарымен кездесті. Кездесуде облыс көлемінде атқарылып жатқан рухани іс-шаралар барысымен танысып, діни істердің ұйымдастырушылық-ағартушылық қызметін арттыру, дін саласындағы жаңа бастамаларға тың рухани серпін беру және халықтың көңілінен шығатын имандылық, ауызбіршілікке ұйытқы болу қағидаттары сөз болды. - Бүгінгі мешіт имамдарының халық арасында жүргізетін ауқымды істері Қазақстан мұсылмандарының рухани сұранысына қалтқысыз қызмет етудің жарқын көрінісіне айналып келеді. Сонымен қатар, қоғамдағы бірлік пен келісімді, ұлтаралық және дінаралық татулық пен бейбітшілікті нығайтуға да аянбай үлес қосуға шақырамын», – деп атап өтті Жеңіс Махмудұлы. Кездесу барысында облыс басшысымен қала, аудан имамдары діни саладағы әлеуметтік және рухани мәселелерге қатысты сұхбаттасып, бас имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы дін қызметкерлері атынан алғыс айтып, ізгі тілегін білдірді.  

Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары