Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БАС МҮФТИ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
27 қыркүйек, 2019 жыл 429 Басып шығару нұсқасы

Еуразия шығармашылық одағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Оразды «Полиэтникалық Еуразияның руханиятын сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін» номинациясы бойынша арнайы сертификатпен және бағалы сыйлықпен марапаттады. Марапаттау рәсімі Алматы қаласында Ресей Федерациясының Бас консулы кеңсесінде өтті.

Бұл – тұлғалардың өнер, әдебиет, ғылым, спорт және әлеуметтік маңызды жетістіктері үшін Еуразиялық шығармашылық одақ тарапынан берілетін марапат.

Аталған халықаралық жоба 2013 жылдан бері жүзеге асып келеді. Еуразиялық шығармашылық одақ – тұлғалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін қолдау мақсатында құрылған коммерциялық емес қоғамдық ұйым.

http://www.muftyat.kz/

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары