Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫ: ОБЛЫСҚА ҚАРАСТЫ ҚАЛА, АУДАН, АУЫЛ ИМАМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕМИНАРЫ БОЛЫП ӨТТІ (ФОТО)
13 маусым, 2019 жыл 88 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде облысқа қарасты имам-молдалардың қатысуымен төралқа жиналысы болып өтті. Жиналысты Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожа мырза жүргізді. Жиында дін қызметкерлеріне ҚМДБ-нан жүктелген міндеттер талқыға салынып, түрлі бағыттар бойынша бірнеше мәселелер ортаға салынды. Атап айтқанда, дін қызметкерлерінің этикасы, жамағатпен өзара қарым қатынасы, жат ағым бойынша, отбасы және ислам, жастармен жұмыс мәселелері қозғалды. Қасиетті Рамазан айында облысқа қарасты мешіттерде  атқарылған іс-шараларға баға берілді. Имамдардың жұмыстары сарапқа салынып, жіберілген қате-кемшіліктерге бас имам тарапынан ауызша ескертулер де берілді. Жиналыс барысында жат ағымдармен жұмысты әрі қарай күшейту, облыс көлеміндегі халал өнімдерін өндіретін орындарды толықтай құжаттандыру,  жастар ісі бөлімінің кездесулер санын арттыру, дәстүрлі дінімізді мемлекеттік мекемелер мен жеке меншік орындарда көбірек насихаттау сынды жұмыстарын қолға алып, тапсырмалар берілді.

 

ҚМБД-ның Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары