Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұйымдастыруымен Алла Тағаланың 99 көркем есімін жатқа айтудан байқау болып өтті.
27 мамыр, 2019 жыл 1251 Басып шығару нұсқасы

Алланың елшісі (ﷺ): «Алланың тоқсан тоғыз, яғни бірі кем жүз есімі бар. Кімде-кім соларды жаттаса жәннатқа кіреді» деген.                                                          Бүгін ҚМДБ Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұйымдастыруымен Алла Тағаланың 99 көркем есімін жатқа айтудан байқау болып өтті.

Байқаудың нәтижесінде жүлделі І орын Теміртау қалалық  мешітінің шәкірті Кенембай Қуанышқа тиесілі болып, қанжығасын 50 мың теңге қаржылай сыйлықпен толтырып қайтты. Жүлделі ІІ орын Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің шәкірті Упабеков Диасқа тиесілі болып, 30 мың теңгені иеленсе, кезектегі ІІІ орын «Бала қажы» мешітінің шәкірті Әбдіғалы Сымбатқа беріліп, он мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Сонымен қатар, қатысушылар ынталандыру жүлделерінен де құр қалмады. 9 жасар Аманжолұлы Нұржігіт  және 6  жасар Ғанибетұлы Айшуақ осындай айтулы сайыста мықтылардан тайсалмай, 5000   теңге ынталандыру сыйлығына ие болды.

Құранда былай делінеді: «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» (Ағраф сүресі, 180-аят) Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтады: 

«Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді». Сондай-ақ, Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Жүз бірсіз, кім оларды зікір етіп жүрсе жәннатқа кіреді», - деп айтқан. (Әл Бухари, Муслим)

Олай болса, ұлы құдіретті Алланың ұлық есімін жадымызда ұстап, мағынасын түсініп, үнемі айтып жүрейік. Өйткені, барлық мақтау жалғыз Аллаға ғана тән.

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешіті алдағы уақытта да әртүрлі рухани ізгі шараларды ұйымдастыруды жоспарға алып отыр.

   

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары