Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚАРАҒАНДЫДА «ЖАСТАР ІСІ» СЕКТОРЫ СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІН ЗИЯРАТ ЕТТІ(ФОТО)
13 мамыр, 2019 жыл 82 Басып шығару нұсқасы

Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы. Әрбір ардагерге лайықты құрмет көрсетіліп, қамқорлықтан тыс қалмауы тиіс. Бұл бәріміздің ортақ, абыройлы борышымыз екендігін әрдайым естен шығармауымыз керек! Қазақта «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген әдемі сөз бар. Осы орайда, Жеңіс күнінің қарсаңында  ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторы және «Шарапат» жастар ұйымының ұйымдастыруымен  соғыс ардагерлерінің құрметіне қайырымдылық шара жүзеге асты. Қарияларға ізгі тілектер мен құттықтаулар айтылып, сыйлықтар табысталды.

Жеңіс күні және қасиетті Рамазан айының қарсаңында жүзеге асқан мерекелік шара жоғары деңгейде өтті. Қариялардың көңіл күйін көтеру мақсатында ән де айтылды. Сондай-ақ ардагерлеріміз жастарға өнегелі әңгімелерін айтып, қызықтарымен бөлісті.

Ардагерлерді ардақтау – ұрпақ парызы. Бұл бәріміздің ортақ, абыройлы борышымыз екендігін әрдайым естен шығармауымыз керек. Қарты бар елдің қазынасы бар. Ардагерлерімізді ардақтайық!

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары