Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қос қайырымдылық
15 сәуір, 2019 жыл 157 Басып шығару нұсқасы

Адамды бақытқа жетелейтін мейірім мен махаббат екенін ескерсек, мейірім қайырымдылық арқылы көбейеді.

Қарағанды қаласы мешіттерінің жамағаты  Нұр-Мүбарак университетінің студенті Сұлтан Едіге Нысанбекұлына және Тажибаевой Меруертке көмек ретінде қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіуге үлкен үлес қосты.  Себебі болашағынан зор үміт күттірген  Сұлтан Едігеге күтпеген ауыр кеселге шалдығып,"юинг саркомасы" деген қатерлі ісік диагнозы қойылды. Ал Меруертке дәрігерлер  «өңеш веналарының варикоздық кеңеюі» диагнозын қойып отыр.  Болашақтан үміті зор жандар ауруды жеңіп шығатынына сенімді. Сұлтанның түбегейлі емі үшін 56 млн теңге  қажет. Көмекке мұқтаж жандардың дерттен толықтай айығып кетуіне бір ауыздан ат салысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жәрдем көрсетіп жатқан   жанашыр азаматтар Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітіне жәрмеңкелер ұйымдастырып, Сұлтан мен Меруерттің еміне қаржы жинау үстінде. Қазіргі кезде өткізілген жәрмеңкенің нәтижесінде Едіге Сұлтанның еміне 400 000 теңге, ал Тәжибаева Меруерттің есепшотына 929 866 теңге қаражат жиналып үлгерді. Сондай-ақ, жамағат намаздарында дұға-тілек жасауда. Осындай игі істің басында жүріп, қолдан келетін барлық көмектерін аямай көрсетіп жатқан барша мұсылман қауымға, демеушілер мен жанашыр азаматтарға Алла Тағала разы болып, екі дүние бақытын нәсіп етсін! Халқымыз «Садақаны сауыңда бер» деп бекер айтпаған.  Сіз де сауапты іске ат салысып, еліме, дініме қызмет етсем деген азаматтың арамызға аман-есен қосылуына ат салыса аласыз.                                                                                        

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары