Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» бөлімінің өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы 2018- 2019 жылдың «сектор үздігі» атанды (фото)
15 сәуір, 2019 жыл 1016 Басып шығару нұсқасы

Жуырда Елордамыз Астанада бой көтерген мұсылмандардың қара шаңырағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңа ғимаратында ҚМДБ ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі,  «Жастар ісі» секторының облыстық өкілдеріне арналған 2018-2019 жылдық есебін тыңдау жиыны өткізілді.

Жиынға ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі жетекшісі Алтынбек Ұтысханұлы және еліміздің 14 облысы бойынша жауапты бөлім қызметкерлері қатысты.

Кездесу шымылдығын   бөлім жетекшісі  Алтынбек Ұтысханұлы ашып, облыстық бөлім өкілдерінің атқарған жұмысының 2018- 2019 жылдық есебін тыңдап,  жоғары нәтежие көрсетіп, бір жарым жыл бойы белсенді қызмет атқарған үздік қызметкерді анықтап, Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» бөлімінің өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлын үздік деп таныды. «Сектор үздігі» атауы ҚМДБ ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың атынан салтанатты түрде табысталып, жылдық еңбек еленді. Алдағы уақытта жүктелген жұмысты бұдан да жоғары деңгейде атқаратындарына сенім білдірді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары