Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТЫМНЫҢ ҚАЗЫНАСЫ» (фото)
13 наурыз, 2019 жыл 963 Басып шығару нұсқасы

Асыл дініміз Ислам әрбір жүрегінде иман нұры бар мұсылман баласына жетімнің маңдайынан сипап, оған мейірімділік көрсетуге нұсқады. Сан ғасыр кәусар діннің бұлағынан қанып ішкен ата бабаларымыз да «Жетім көрсең жебей жүр» деп ұрпағына ұлағатты сөз қалдырды.                                                       Осы орайда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторы, «Әйел қыздар» секторы және «Зекет» корпоративтік қорының бірлесіп ұйымдастыруымен қайырымдылық іс жүзеге асты. «Құлыншақ» балалар үйінің жиырмаға жуық жеткіншектеріне арналған рухани шара қазақтың ұлттық ойындарын насихаттаумен жүзеге асты. Шара «Ұлттық ойын-Ұлтымның қазынасы» атты тақырыпта өзкізілді. Себебі балаларға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі ұлттық ойындардың маңызы ерекше. Дана халқымыз балаға тәрбие бергенде ойын мен тәрбиені ұштастырып, баланы ойната тұра, оның бойына рухани, адами құндылықтарды сіңіре білген. Ата бабамыз ежелгі ойындарымыз арқылы баланың  бойына ұқыптылық, адамгершілік, татулық, намысшылдық, ептілік, шапшаңдық және т.б.  адами қасиеттерді үйрететін негізгі құрал – ұлттық ойындар екенін дәлелдеп кеткен. Сонау ерте замандардан бері талай батырларымыз, ақын-жырауларымыз, бозбала-бойжеткендеріміз сол ойындарымызды ойнап, халық даналығынан сусындап келді емес пе?! Міне  халық даналығы осында жатыр.
Бүгінгі шараның да негізгі мақсаты да осы.                                                                   Шараның жоғары деңгейде жүзеге асқанына, балалардың көңіл күйін көтеріп, шара барысында әр түрлі ұлттық ойындардың көңілді әрі белсенді өтуіне ат салысқан «Жастар ісі» секторының жанынан ашылған «Шарапат» ұйымының да қосқан үлес зор. Жеткіншектер қазақтың ұлттық ойыны асық ату, арқан тартыс, қол күресі т.б ойындар арасында бақ сынасып, өзара жүлделі орындарды иеленді. Балалардың құрметіне арнайы дастархан жайылып, әр түрлі дәмді тағамдар ұсынылды. Ерекше көңіл күйге бөленген жеткіншектердің көздеріндегі  сезімді сөзбен де жеткізу мүмкін болмады. Қуаныштарында шек жоқ. Әрине,барлық бала бақытты болуға лайықты.

«Біз қоғамымыздағы ата - ананың қамқорлығынсыз қалған жандарға бауырымыздай қарап, оларға әрқашан өзіміздің қолдауымызды көрсетуіміз қажет. Осындай қасиетке әрқашан үлгі болған Аллаһ Расулының (с.ғ.с)  : “Жетімге мейірбан әкедей бол!” деген сүннетін орындауға тиіспіз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жетімнің басын еркелете сипаған кісіге қолының тиген жеріндегі шаштардың санындай сауап жазылады»,- деген. Бүгінгі шараның да басты мақсаты тағдырдың тәлкегіне ұшыраған балаларға демеулік көрсетіп, олардың көңіліне қуаныш пен шаттық сыйлау және ұлттық тәрбиені бойларына діни- рухани түрде сіңдіре білу», -дейді  «Жастар ісі» секторының өкілі  Мұсабеков Нұржігі Оразалыұлы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары