Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Зекет» қоры «Олжас Есенұлы» атындағы сауат ашу орталығына демеушілік көмек көрсетті (фото)
12 наурыз, 2019 жыл 136 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық “Әнет баба» мешітінің жанынан ашылған «Олжас Есенұлы» атындағы сауат ашу орталығы уақыт өткен сайын қарқынды жұмыс атқарып, дамып келеді. Оқу ғимаратында қазіргі таңда жүз елуге тарта шәкірт білім алу үстінде. Сауат ашу орталығының ішіндегі арнайы жатақханда жатып, тұрақты түрде білім алып жатқан елуге жуық шәкірт те бар. Осыған орай ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» корпоративтік қорының өкілі Джаримбетов Мұхит  аталмыш білім ғимаратында қонақта болып,  тәлім алып жатқан шәкірттерге үлкен демеушілік көрсетті. Білім ғимаратының жатақханасын түрлі тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етіп, шағын білім орталығына көмек берілді. Алдағы уақытта да «Зекет» корпоративтік қорының атынан  көптеген жәрдемдер көрсетіліп, медресенің ахуалын жақсартуға жұмыстар қолға алынбақшы.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары