Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыда «Жастар ісі» секторы «Ана бақыты-бала бақыты» атты рухани шара ұйымдастырды (фото)
15 ақпан, 2019 жыл 737 Басып шығару нұсқасы

      Ана – ардақты есім. Дүниеде Ұлы Жаратушыны қоспағанда ананың мейірімнен асатын мейірім жоқ деуге болады. Сондықтан ананың орны әрқашан бір бөлек. Ана – дүниедегі ең ардақты жан. Ол – әлемдегі барша ізгілік пен мейірімнің, парасат пен тағылымның көрсеткіші. Бауыр еті баласы үшін маңдайын тау мен тасқа соғып, кішкене сәбиден үлкен азамат тәрбиелеп шығатын да ана. Бүгінде елімізде көп баланы жарық дүниеге алып келіп, «алтын құрсақты ана» атанып отырған, сондай-ақ, тағдырдың қиын шырмалаңына түскен жалғыз басты аналарымыз да аз емес. Бүгін Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Ана бақыты-бала бақыты» атты рухани шара болып өтті. Айтулы шара аймағымызға қарасты алтын құрсақты, көп баланы жарық дүниеге алып келген аналарға, сондай-ақ, жалғыз басты аналардың құрметіне ұйымдастырылды. Ана деген ұлы есім, ардақты есім. Олар тек қана балаға емес бүкіл әлемге нұрын шашып жүрген жандар. Ақ жаулықты ардақты жандар бас қосқан рухани отырыста ақ дастархан жайылып, аналарға сыйлықтар табысталып, бата берілді .Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторының өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы келген қонақтарға уағыз-насихат айтып, Құрани Кәрім оқыды.

      Бақыт балалы үйге қонады. Айтулы шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат ана мен балаға  көмек беріп, қоғамды осындай игі іске шақыру, ана мен балаға жәрдем беру, қолдау, мейірімділікке жол бастау. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,-дейді қазақта. Міне, сонда ғана біз жесірі мен жетімін жылатпаған халықпыз деп нық айта аламыз. Олай болса анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті нәресте қызға да құрмет көрсет, қолдан келгенше қамқорлық жаса.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары