Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жамағаттың бірлігі мен татулығына арналған «Бірлікке шақыру» атты рухани кеш болып өтті (фото)
30 қаңтар, 2019 жыл 366 Басып шығару нұсқасы

       Жамағат пен ел бірлігі ең асыл қасиет. «Күшті ұлт болу үшін - алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет» ,- дейді Ұлы Абай Құнанбаев.     Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде жыл сайынғы қалыпты дәстүрге айналған «Бірлікке шақыру» атты рухани кеш жоғары деңгейде аталып өтті.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Ең асыл қазына бірлік». Бүгінгі  кештің басты мақсаты  да осы жамағат пен ел бірлігін нығайту, асыл дініміз Исламның көркейуіне үлкен үлес қосу.

       Айтулы шарада Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Аймағанбетов Асxат Қанатұлы мырза, Қарағанды қайырымдылық мекемесінің өкілдері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының Қарағанды облысындағы секретариатының басшысы – Құсайынов Ерлан Бейсенбайұлы, Қарағанды облыстық дін істері басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметуллаұлы, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов мырза, Қарағанды облысының  бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің бас имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы, «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нұров Махмұд Нұрұлы, Қарағанды мешіттерінің жамағаты, шешен халқы, түрік диаспорасы, және жат ағым өкілдері құрметті қонақ болды.

      Жамағат бас қосқан рухани шарада ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша  өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа : «Қазақстан халқының бүгінгі бірлігі мен татулығы — болашақ заман үшін үлгі-өнеге, өсиет болып қала бермек. Қашанда алдына айқын мақсат қоя білген елдің шығар шыңы биік болады. Елдің бірлігі жамағаттың татулығынан басталады. Ынтымағы жарасқан жамағат – қоғамға үлгі» - деп, өзінің ыстық лебізін білдірді.

      Айтулы кештің құрметті қонағы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Асxат Аймағанбетов мырза осындай рухани кештің ұйымдастырылуына ат салысқан дін жанашырларына алғыс айтып, бейбітшілік  пен татулықтың негізі ұлт бірлігі екенін атап өтті. Сондай ақ, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Елдос Жұмаділдә жамағатқа бірлік пен татулық жайлы уағыз- насихатын айтты. Өткен жылы дәл осы тақырыпта ұйымдастрылған «Бірлікке шақыру» кешінде Алланың қалауымен, өзінің шынайы ниетімен Ислам дінін қабылдап, мұсылман болғанына бір жыл болған Александр атты азаматтың иығына шапан жабылып, құрмет көрсетілді.

       Сондай ақ, Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа  еліміздің діни ахуалын жақсарту жолында аянбай, асыл дінімізді насихаттауға мүмкіншілік тудырғаны үшін, Қарағанды облысы дін істері басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметуллаұлына, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов мырзаға, алғыс хат табыстады. Сонымен қатар, дін жолында жанашырлық танытып, үнемі қолдауда болған  «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы Осин Шамиль Абзалетдинович мырзаға өз алғысын жеткізді. 

       Рухани кеште жамағатпен Құран хатым дұғасы бағышталды. Қазақ жəне орыс тілдерінде уағыз-насихаттар айтылды. Сонымен қатар, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің және ҚМДБ – ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» қорының жылдық есебі  көрсетілді.

       Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) басшыға бағынып, бүлік шығармауды үгіттеуінде үлкен мән бар. Ахмет Байтұрсынұлы бабамыз «Қазіргі заман — өткен заманның баласы, болашақ заманның атасы» деген. «Алла Тағала адамзат баласына «Бөлінбеңдер!» деп, бауырмал болуға бұйырды.

      Ендеше, күллі әлемнің сырын қамтыған, адам баласына ең үлкен жол нұсқаушы қылынған, ақ пен қараны айқын баян еткен қасиетті Құранда Алла Тағала біздер үшін бір болуды да әмір етті. Ал Құранда әмір етілгенінің өзі бірліктің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Себебі Құдіретті Алла Тағала біздерді не нәрседен тыйса сонда қайыр бар, ал не нәрсеге бұйырса сол да біздер үшін ең дұрысы болмақ.                                                    

      Демек мұсылмандар үшін бір болу Алладан келген әмір ғана емес, тағылымы мол іс екені шүбәсіз. Отанымызға тыныштық, ынтымақ, береке-бірлік берсін! Әмин!

ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Ihsan.kz

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары