Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Елордадағы естен кетпес демалыс
15 қаңтар, 2019 жыл 241 Басып шығару нұсқасы

Үштөбе мешітінің жанындағы сауат ашу курсында сенбі және жексенбі күндері мектеп жасындағы балаларға арналған тағлымды дәрістер өтеді. Имандылық әліппесі, араб тілімен қатар қыз балаларға арналған қолөнер үйірмесі жұмыс істейді. Қысқы демалыс күндері мешіт имамдары мен үйірме жетекшілері шәкірттерді Елордамыз Астана қаласының мешіттеріне саяхатқа апарып қайтты. Демеуші азаматтардың көмегімен жалданған жайлы автобуспен Астанаға аттанған жиырма шәкірт Республикамыздың ең зәулім де, сәулетті имандылық ордасы  - Хазірет сұлтан мешітіне ат басын тіреді. Мешіттің әр қабаттарында орналасқан оқу сыныптары, "Хикмет" студиясы, әйелдер залы, Құран оқу бөлмесі, колл орталық бөлмелерімен және Қазақстанда табылған ең көне Құран, "Күміс Құран" экспонаттарымен танысқан шәкірттер бесін намазын осы мешітте өтеді. Мешіт асханасына түстеніп, бойға қуат жинаған соң саяхат әрі қарай жалғасты. Келесі бағыт - өткен жылы рамазан айында ғана ашылған "Алланың гүлі" кешеніндегі Рыскелді қажы мешіті. Еліміздегі тұңғыш эко-мешітті шәкірттерге осы мешіттің наиб имамы Естай Әбдіғали таныстырды. Бұл мешітте екінді намазын оқыған шәкірттер әрі қарай "Думан" ойын-сауық орталығы жанындағы "Шолу дөңгелегіне" (Колесо обозрения) отырып,  Астана қаласын биіктен тамашалады. Одан әрі "Аружан" ойын-сауық орталығында түрлі аттракциондарға мінген шәкірттер ақшам намазын жақында ашылған Астана қаласының оныншы мешіті "Ақ мешітке" барып оқыды. Жаңа мешітте құптан намазын оқыған соң Қарағандыға қайтқан шәкірттер үйлеріне үлкен әсермен оралды. Алдағы жазда мешіт шәкірттерімен Қарқаралы демалыс орнына бару жоспарлануда.

Қарағанды - Астана - Қарағанды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары