Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БАС МҮФТИ: ҚОҒАМҒА ПАЙДАЛЫ БОЛҒАНЫҢ - ЖАҚСЫ МҰСЫЛМАН БОЛҒАНЫҢ (ФОТО)
27 қыркүйек, 2018 жыл 109 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Ақтөбе қаласында облыстық мешітте жамағатқа уағыз айтып, Алла үйіне жиналған қауымның сауалдарына жауап берді.

Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы уағыз барысында:

"Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жақсы адам – қоғамға пайдасы тиген пенде», – деген. Демек, қоғамға пайдалы болғаның – жақсы мұсылман болғаның. Әрбір азамат «Қазақстан» атты алып ғимаратқа бір кірпіш болып қаланып, сол орында өз миссиясын ұқыпты, мұқият, адал атқаруы ләзім. Əр азамат, мұсылман жамағат осы қағиданы мықты ұстануы тиіс. Сонда біздің еліміздің əлемдік қауымдастық алдында мəртебесі мен мерейі артады", - деді.

Уағыз соңы сұрақтарға ұласып, Бас мүфти жамағаттың сауалдарына жауап берді.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары