Тілдік нұсқа
Радио

Фото

БАС МҮФТИ ШЫМКЕНТТЕ ТАРИХИ МЕШІТТЕРДІ АРАЛАДЫ (ФОТО)
16 шілде, 2018 жыл 463 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркістан облысында орналасқан тарихи көне мешіттерді аралап, дін қызметкерлерінің жұмысымен танысты.

ҚМДБ Төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы имам-молдаларға мүфтият қабылдаған мешіттің ішкі тәртіп ережесін сақтауды, қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, мешітке келуші жамағатты әрдайым бірлік пен ізгілікке үндеп, имандылыққа ұйыту қажеттігін атап өтті.

Серікбай қажы Ораздың айтуынша, көне мешіттердің тарихымен танысуға ниет білдірген азаматтарға сәйкесінше толыққанды ақпарат берілу керек. Бас мүфти бұл бағытта кәсіби тарихшы мамандарды қызметке жұмылдыру мәселесін сөз етті.

«Түркістан – тарих пен дәстүрге бай өлке. Сонау ықылым заманнан бой көтерген тарихи мешіттер мен рухани жәдігерлер – халқымыздың сарқылмас қазынасы. Рухани қазынамызды келер ұрпаққа насихаттап, жеткізу – баршамыздың асыл міндетіміз. Осы бағытта белсенді қызмет етуіміз керек»,  – деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти өңірдегі дін қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары