Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Көңілді жаз-2018» жайдары көңілмен аяқталды
11 маусым, 2018 жыл 194 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің жанындағы күндізгі сауат ашу курсы Бас имам Қабылбек Әліпбайұлының бастамасымен оқушылардың жазғы маусымдық демалысын тиімді пайдалану мақсатында күндізгі сауат ашу курсына мектеп жасындағы жеткіншектерді қабылдаған болатын. Балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын тиiмдi пайдалануына және  демалысы үшiн қажеттi жағдайлар жасау, ұлттық құндылықтарға негізделген діни сауатын арттырып, жалпы мәдениетiн, салауатты өмiр салтының дағдыларын қалыптастыру мақсатында  рамазан айы бойынша өткізілген шара қадір кешінің қарсаңында өз жұмысын аяқтады.  Дәрістер барысында жасөспірімдерге Құран әліппесі, имандылық әдептері, асыл дініміз Исламның бастапқы алғышарттары оқытылып, спорттық шаралар өткізілді. Берекелі іс-шараға ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа және дінтанушы азаматтар, ата-аналар қатысып, балаларға ақ тілектерін айтып, баталарын берді. Жүзге жуық балаға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды. Жыл сайын дәстүрге айналған айтулы шара өз маусымын аяқтағанмен, талапкерлер алдағы күндерде де дәріс оқуды жалғастыра алады.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасө қызметі


 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары