Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» корпоратив қорының ұйымдасттыруыменен Нүркен Әбдіров атындағы спорт кешенінде рухани шара болып өтті (фото)
19 наурыз, 2018 жыл 242 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет» корпоратив қорының өкілі Джаримбетов Мұхит мырзаның ұйымдастыруыменен Нүркен Әбдіров атындағы спорт кешенінде рухани шара болып өтті. Айтулы шара Елордамыз Астана қаласының жиырма жылдығына және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне қарсы ұйымдастырылған болатын.  Атаулы шара бұл жолы тағдырдың тәлкегіне ұшырап, ата-ананың қарауынсыз қалған бес жетімдер үйінің тәрбиеленушілерінің құрметіне өткізілді. Мұнда бірнеше сайысқа қатысқан жастар әртүрлі қырларынан танылды. Ұйымдастырылған сайыстарды атап айтқанда кіші футбол, күрес, суда жүзу, брейк - данс секілді спорттық жарыстар және қолөнер сайыстары да болды. Атап айтсақ, кестелеу өнері, сурет салу, тігін өнері т.б. Шара барысында күй тартылып, ән  айтылды. Осындай түрлі шараларға қатысып, әртүрлі қырларынан танылған қатысушыларға номинациялар бойынша сертификат табысталды. Шара соңында тәрбиеленушілердің құрметіне орай дастархан жайылды. Сондай -ақ, «Зекет» корпоратив қорының өкілі Джаримбетов Мұхит мырза жас өрендерге өзінің ыстық лебізін жеткізіп, батасын берді.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары