Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Менің сүйікті мешітім» атты сурет сайысы өтті (ФОТО)
15 қаңтар, 2018 жыл 299 Басып шығару нұсқасы

 

Қаңтар айының  он төртінші жұлдызында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Жастар ісі» бөлімі және "Әйелдер қыздар" секторының  ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында сурет сайысы өтті. Аталмыш сайыс екі бөлімнен тұрды. 5 – 8 және 9 – 11 жас аралығындағы жас жеткіншектер қатысқан өнер сайысында қатысушылар өздерінің сүйікті деп бағалайтын мешіт ғимаратын қағаз бетіне түсірді. Бірінші топ қатысушыларының арасынан оза шауып Акынбек Аяна 1 - орынды иеленсе, 2 - орынды Бекназарова Райхан қанжығасына байлады. Ал жүлделі 3 - орын Жолдыбай Казыбекке тиесілі болды. Дәл сол секілді 9-11 жас аралығындағы қатысушылар арасынан  1- орынды Әшім Фатима иеленсе, 2- Орын Мырзакадирова Партияға бұйырды. Ал, 3 - орынға Ташмурзаев Жасұрбек лайық деп танылды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары