Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағандыда «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
28 маусым, 2017 жыл 365 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

ҚМДБ- ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожа қатсқан ресіми шарада жаназа рәсімдеріне қатысты мәселелер талқыланып, кітаптың жалпы мазмұны түсіндірілді. Айтулы шарада аймағымыздың зиялы қауымы мен ақсақалдары және БАҚ өкілдері қатыстып, аталмыш кітаптың тұсауын кесті. «Кітапта жаназаға қатысты үкімдер топтастырылды. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі жан-жақты қамтылды», - деп түсіндірді өкіл имам Өмірзақ қажы Бекқожа өз сөзінде.

Жалпы айтқанда «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының  бүгінгі күні 11 мың данасы жарық көрген. Алдағы уақытта аталмыш кітаптың тиражын көбейтіп, еліміздің барлық к ітапханаларында тегін тарату жоспарланып отыр.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары