Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Бірлігі жарасқан жамағат» атты футболдан кіші турнир өтті. (ФОТО)
29 сәуір, 2017 жыл 372 Басып шығару нұсқасы

     Cаран қалалық мешіті мен ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» бөлімінің ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан жамағат» атты футболдан кіші турнир болып өтті. Ауыспалы кіші турнир өткізу мешіт қызметкерлері мен жамағаттың арасында дәстүрге айналған десек болады. 
Ойынның ашылу салтанаты ҚР-ның әнұранымен бастау алды. Ойынды тамашалап, әділ бағаларын берген құрметті қонақтардың қатарында Қарағанды облысының бас имамы Ө.Қ.Бекқожа, Қарағанды облыстық спорт комитетінің төрағалары және спорт мектептерінің директоры орын алды. 
Ойынға облысымызға қарасты аудан, қалалардан келген 16 комманда қатысты. Бірінен-бірі озған қарсыластарынан оза шапқан Нұра ауданына Саран қаласының бас имамы Мұхаметқали Салиқов пен мен «Жастар ісі» бөлімінің өкілі Нұржігіт Оразалыұлы бас жүлдені табыстады. 
Ал, жүлделі екенші орынды қазақ күресінің президенті Жаңарқа ауданына табыстаса, Саран қаласының «Әділет» басқармасының басшысы жүлделі үшінші орынды Балақажы мешітінің атынан келген коммандаға табыстады. 
Облысымыздың жылдағы дәстүріне айналған футбол ойыны ендігі кезекте Нұра ауданында жоспарланып отыр. Ендеше, «Бірлігі жарасқан жамағаттың » сол күнге жетуін Алла нәсіп еткей.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары