Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облыстық орталық мешітінде «Жарасып тұр дәстүрім иманменен» атты сайыс болып өтті.
03 сәуір, 2017 жыл 471 Басып шығару нұсқасы

     Қарағанды облыстық орталық мешітінде "Жастар ісі бөлімі" және "Әйелдер,қыздар" секторының ұйымдастыруымен "Жарасып тұр дәстүрім иманмен" атты сайыс болып өтті.

Екі түрлі кезеңнен тұрған аталмыш сайысқа шаһарымыздың әр оқу орындарынан студенттер қатысты. Айта кетсек, сайыстың  I - кезеңінде  діни өлеңдерді мәнерлеп оқу болса, II- кезеңінде қазақтың поэзиясына құбылыс әкелген аса талантты ақын Мұқағали Мақатаевтың өледері мәнерлеп жатқа оқылды.  Сондай-ақ, халқымыздың дәстүрлі дастарханы жайылып, асыл әжелер өздерінің бата-тілектерін жеткізді. Шашу шашылып, күй тартылды.

Іс-шарада  тек өлеңдер оқылып қана қоймай, қатысушылар асық ойнаудың тарихы мен мәнін түсіндіріп, ортада асық ойналды. Тоғызқұмалақ жайлы да сөз қозғалды. Халқымыздың ою-өрнектері мен жеті қазыналы құндылықтарымыз жайлы шағын түсіндірмелі бейнебаяндар көрсетілді. Сайыс соңында әділқазылар  алқасы  әділ бағасын беріп,  қатысушыларға жүлделі орындар тағайындап, марапаттау мен сыйлықтар табыстады. 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары