Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Өкіл имам Нұр-Мүбарак университетінің студенттерімен кездесті (фото)
11 наурыз, 2017 жыл 731 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы Бекқожа Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак университетінде болып, аймағымыздан білім алып жатқан студенттерімен кездесіп қайтты. 

Аталмыш жоғарғы оқу орнында Қарағанды өңірінен 65  студент тәлім алып, білім нәрімен сусындауда.  Осыған орай, жылдағы үрдіс бойынша облысымыздың бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа университет студенттеріне өкілдіктен қаржылай және рухани қолдау көрсетті. Сондай-ақ, Нұр-Мүбарак университетінің биылғы бітіруші түлектерін аймағымызға іс-тәжірибеден өтуге шақырды. Кездесу соңында университет асханасында дастархан жайылып, өңіріміздің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа студенттерге ізгі батасын берді.

Осындай шараның бірі Нұр-Астана университетінде өткізіліп, аймағымызға қарасты 15 студентке қолдау көрсетілген болатын. 

Асыл дініміздің ертеңгі болашағы бүгінгі жастар. Ал, оларға қолдау көрсетіп отырған өкілдіктің көмегі маңызды екені сөзсіз.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары