Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ТӘУЕЛСІЗДІК НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ – РУХАНИ КЕЛІСІМ
19 қазан, 2016 жыл 279 Басып шығару нұсқасы

Қазан айының 18 күні Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібеков Рухани келісім күні мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Тәуелсіздік негіздерінің бірі – рухани келісім» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді.  Бұл кездесу облыстағы барлық конфессиялар және этномәдени бірлестіктер басшыларының қатысуымен тұңғыш рет осындай кеңейтілген форматта өткізілді. Дөңгелек үстелге ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы мен ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша "Жастар ісі" өкілі Нұржігіт Оразалыұлы қатысты. Өз сөзінде Өмірзақ қажы Қазкенұлы дінаралық келісім тақырыбында келелі ой қозғады. Тәуелсіздік жылдарындағы біздің еліміздің қол жеткізген аса маңызды жетістіктерінің бірі бейбітшілік пен келісім екеніне тоқталды.
 Кездесу қатысушылары Тәуелсіздігіміздің жиырма бес жылдық тарихында мемлекеттің саясаты арқасында қазақстандықтардың әрқайсысы өз ана тілінде еркін сөйлеп, өз мәдениеті мен салтын сақтап, өзі қалаған дінін ұстанатындығын тілге тиек етті. Конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтауға бағытталған Мемлекет Басшысының саясатынан елімізде сенім бостандығына игілікті жағдай жасалған.     
Конфессия басшылары діни радикализм идеялары ықпалдық қаупінің бетін қайтаруда мемлекеттік билік органдары байланысының кеңеюіне оң баға берді. Дегенмен, халықаралық терроризм мен экстремизм қатері осы әлемдік дертпен күресте бүкіл қоғамның күшін біріктіруді талап етеді.
«Дөңгелек үстел» жұмысының қорытындысында оның қатысушылары, сенушілердің құқығы мен бостандығын құрметтеудің демократиялық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің аратеңдігіне негізделген мемлекет және діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынасы моделін нығайту ісіне өз үлесін қосуға қоғам мүшелеріне үндеу тастаған қарар қабылдады. 
Олар қоғамымызға жат діни радикализм және экстремизм идеяларын уағыздауға тырысушы  күштерді батыл айыптады. Облыс тұрғындарын әлемдегі террорлық актілерді болдырмау еліміздегі бейбітшілік және келісімді нығайту жолымен үшін әртүрлі діни шиеленістерге қарсы тұруға шақырды.  

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары