Тілдік нұсқа
Радио

Фото

СЕРІК СӘПИЕВ МЕШІТ АУЛАСЫНА ТАЛ ЕКТІ
11 қазан, 2016 жыл 376 Басып шығару нұсқасы

Қазан айының 8-і күні Қарағанды облыстық орталық мешітіне олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, жерлесіміз Серік Жұманғалиұлы Сәпиев келіп, Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы және жастар ісі өкілі Нұржігіт Оразалыұлымен бірге мешіт ауласын көгалдандыру мақсатында тал отырғызды. Бірнеше дүркін олимпиада чемпионы атанған Серік Сәпиев: "Мешітке арнайы келіп, құран оқытып, өз қолымен ағаш егуді біраз уақыт бойы жоспарлап жүрген едім. Сәті бүгінгі күнге түскен екен",-деп мешітке келуді бұрыннан ойлап жүргенін айтып қалды.  "Бір тал кессең, он тал ек" деген қағиданы берік ұстанатын боксшы, "бүгін отырғызған жас шыбықтар бірнеше жылдан соң жеміс беріп, мәуелі баққа айналсын",- деп ізгі тілегін айтты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары