Тілдік нұсқа
Радио

Фото

ЛАҢКЕСТІК ОҚИҒАДА ҚАЗА ТАПҚАНДАРҒА ХАТЫМ ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ
22 маусым, 2016 жыл 614 Басып шығару нұсқасы

Маусым айының 21-ші жұлдызында «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігі мен Қарағанды облыстық орталық мешіті бірлесе отырып, Ақтөбедегі лаңкестік оқиғада қыршыннан кеткен жазықсыз жандардың құрметіне мешіт асханасында 250 адамға ауызашар беріліп, еске алу шарасы өтті. Радикалды топтардың кесірінен қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерге арналған Хатым Құран бағышталды. Қарағанды облыстық орталық мешітінің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы жиналған жамағатқа ел тыныштығы мен бейбітшілігі үшін Ақтөбеде қаза тапқан жандарды әрдайым құрметпен еске алып жүру керектігін айтты. Ауызашар барысында РАНТ мүшесі, ұстаз Ризабек Батталұлы экстремизим мен терроризм жайлы уағыз айтып, мұндай лаңкестік іс-әрекеттерді имамдар мен дін өкілдері қатты айтыптайтындықтарын жеткізді. Ауызашар соңы арнайы бағышталған Хатым Құранмен аяқталды.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары