Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Байлық – байлық емес, бірлік – байлық»...
07 мамыр, 2016 жыл 2498 Басып шығару нұсқасы

Мамыр айының 6 жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жалпы жамағаттың және өзге де мұсылман ұлт пен ұлыс өкілдерінің қатысуы негізінде (шешен, татар, өзбек, тәжік, ингуш т.б) жиылыс болды. Мешіт асханасында 150 адамға дастархан жайылып, асыл дініміздегі татулық, бірлік, бейбітшілік тақырыбында уағыз айтылды. Алғашқы сөзді Қарағанды облысы бойынша өкіл имам Өмірзақ қажы Қазкенұлы бастады. «Діни татулық пен ынтымақты нығайтуда имамдардың қызметі үлкен мәнге ие екендігі белгілі. Мешіт қызметкерлері халықты имандылыққа шақырып қана қоймай, ұлттарды бірлікке ұйытып отырады. Халқымызда: «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық», – деген қанатты сөз бар. Біз, қазақ халқы 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерімен бірге «Қазақстан» деген шаңырақ астанда тату-тәтті өмір сүрудеміз»,-деп өз ойын айтып, жиналған жамағатты бірлік күні мерекесімен құттықтап өтті. Сөз кезегін шешен ұлтының арасынан үлкен ақсақал жалғастырды. Осылайша әр ұлт өкілдерінен қариялар сөз сөйлеп, жамағат арасында бірлік пен татулық жайлы уағыз айтылды. Шараның басты мақсаты –  ислам дінінің бейбітшілік пен бірлікті сипаттайтын дін екендігін насихаттау болды. Ас соңында жамағатқа ынтымақтастық пен тұрақтылык жайлы тақырыпта ұстаз Қайрат Серкебай уағыз айтып, өзге ұлт өкілдеріне деген сыйластық пен құрметтің жоғары болуына баса назар аудара кетті.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары