Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Миғраж түні құрметіне Құран жарысы өтті
04 мамыр, 2016 жыл 461 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Миғраж түнінінің құрметіне Саран қалалық мешітінде тәлім алып жатқан шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Саран қалалық мешіттің бас имамы Мұхамедқали қажы Салықтегі  мен мешіттің ұстазы Рысбай Асыл Көкешұлының ұйымдастыруымен өткен шараға 8-32 жас аралығындағы шәкірттер қатысты. Қарағанды облыстық орталық мешіті және Саран қалалық мешітінде сауат ашып жүрген шәкірттер арасынан іріктелініп алынған 10 сайыскер Құран сүрелері мен тәжуид ережелерінен бақ сынасты. Жарыс барысында оқ бойы оза шауып, жүзден жүйрік болып Саран қалалық мешітінің шәкірті 10 жасар Ышық Асадулла бас жүлдені жеңіп алды. Жүлделі орын алған шәкірттерге Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы атынан алғыс хат пен Құран кітабы сондай-ақ, қосымша діни кітап және қаржылай  сыйлық табыс етілді. Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Жақия Мерей жеңімпаздарға алғыс хаттарды табыс етіп, жамағатты қасиетті Миғраж түнімен құттықтады. Жас шәкірттерге сауат ашуды еш тоқтатпай, елдің елеулі азаматтары болуды тіледі.

Саран қалалық мешітінде бүгінде 35 шәкірт сауат ашу курсын оқып жатыр. Шәкірттер мен мешіт жамағаты ақшам намазынан кейін Миғраж түнін құрметпен қарсы алды. Миғраж түнінің қасиеті жайлы, ол түні болған оқиға туралы айтылып, араб тілінен қазақшаға хадистер аударылды. Ислам дінінде Миғраж түнінің алар орны ерекше. Алла Тағаламен кездесу құрметіне ие болған Мұхаммед пайғамбарымызға (ﷺ) салауат айтылды. Мешіт жамағаты жиналып нәпіл намаздар оқып, артынан дастархан жайылды.

 

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары