Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Шет ауданында рухани мәуліт кеші болып өтті
04 қараша, 2023 жыл 32 Басып шығару нұсқасы

  Екі дүние сардары, сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құрметіне жер-жерде ұйымдастырылып жатқан Мәуліт мерекесі бұл жолы облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының қатысуымен Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде жалғасын тапты. 

Рухани кеш ең әуелі Құран аяттарын оқумен басталды. Одан кейін облыс бас имамы жиналған қауымға  ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, Мәуліт мерекесінің мәні мен маңызы хақында уағыз-насихат айтты. Кезекті  сөз кезегі аудан әкімі Мұхит Сайлауұлына беріліп, аймақ жұртшылығын қасиетті мерекемен құттықтады.

Кемел отырыс барысында белгілі жыршы-термеші  Дидар Қамиев қазақша мәуліт жырын  оқыды. Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауаттар айтылды. Кештің құрметті қонағы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы  ғаламның рақым нұрына айналған Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өмірбаянына қатысты уағыз-насихат айтты.

Кеш барысында қойылымдар көрсетіліп, термелер айтылды. Сондай-ақ, мешіт шәкірттерінің орындауында Алланың 99 есімі ұлықталды. 

Мешіт асханасында жиналған қауымның құрметіне берекелі дастархан жайылып, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды. 
Берекелі отырыста бас қосқан   барлық жамағатқа «Мінсіз Мұхаммед» атты жақында жарық көрген кітап тарту етілді.

Мәуліт мерекесінің соңында облыс бас имамы аймақтық мешітке демеушілік көмек көрсетіп, өңірдің діни ахуалына жанашырлық танытып жүрген ел азаматтарын ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  және өкілдік атынан берілген арнайы алғыс хаттармен марапаттады. 
Сондай-ақ, елдің бейбітшілігі мен тыныштығы үшін дұға жасап, жергілікті дін қызметкерлеріне және аймақ жамағатына  ризашылығын жеткізді. 

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары