Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешіті қадір түнін қарсы алды
18 сәуір, 2023 жыл 251 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті қадір түні жоғары деңгейде  аталып өтті.

Жылына бір рет Рамазан айында келетін қасиетті қадір түнінде Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде орын шаншыр жер болмады. Мың айдан да қайырлы болған берекелі кеште облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы барша мұсылман қауымын қадір түнімен құттықтап, қасиетті түннің берекеті жайлы уағыз - насихатын айтты. 

Облыстық мешіттегі берекелі шарадан жергілікті БАҚ өкілдері хабар алып, арнайы репортаж дайындады. 

Мешітке жиналған мұсылман жамағатына дастарханы жайылып, 600 адамға мешіт асханасы мен қазақы киіз үйде ауызашар берілді. Берекелі отырыста  Құран оқылып, барша жамағат қол жайып,  Алла Тағаладан дұға тіледі.

Барша жамағат тарауық намазын оқығаннан кейін Құран Кәрім хатым етілді, облыс бас имамы Құран хатым дұғасын жасады. Одан кейін, облыс бас имамы бір ай бойы тарауық намазын жоғары деңгейде өткізіп, Құранды хатым еткен  қариға құрмет танытып, алғысын білдірді. 

Рухани кеш барысында рамазан айының алғашқы күнінен бастау алып, жарияланған «Пайғамбарға (с.а.с) салауат» сайысының жеңімпаздары марапатталды. 


Таң рауандап атқанша жалғасқан мешіттегі уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады. Сәресі уақытында Алла үйінен 3 000 адам ауыз бекітті.


Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары