Тілдік нұсқа
Радио

Фото

«Әнет баба» мешітінде 100 отбасыға азық-түлік үлестірілді
02 наурыз, 2023 жыл 159 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры қалалық мешіттер және «Ана Мама» қайырымдылық қорының демеушілігімен әлеуметтік көмекке мұқтаж 100 отбасыға азық-түлік үлестірді. 

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен жүзеге асып отырған шараның мақсаты - жалғызбасты көпбалалы аналарға қарайласу, мүмкіндігі шектеулі науқас жандарға қол ұшын созу.

Игі істің басы-қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлы жиналған қауымға жүрекжарды тілектерін айтып, облыс бас имамының ыстық сәлемін жеткізді. 

Айта кетсек, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынған арнайы қоржындар (ұн, күріш, шәй, май, қант, макарон өнімдері т.б.) келуге мүмкіндігі жоқ отбасылардың мекен-жайларына тізім бойынша жеткізіп берілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары