Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы мешіттерінде пәтуа сағаты тұрақты өтіп келеді
12 қаңтар, 2023 жыл 275 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен барлық мешіттерде  жұма намазынан кейін пәтуа сағаты тұрақты өткізілуде.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде қала тұрғындары мен мешіт жамағаттарының сұрақтарына  пәтуа  бөлімінің облыс бойынша жауапты маманы Юсупбек Шұғайұлы жауап беруде. Мұндай шара Қарағанды облысының  барлық мешіттерде  жалғасуда. Мешітке жиналған жамағат дін мамандарына отбасы және неке мәселесі, ақида және фиқһ жайынан (құлшылық, неке және талақ, сауда-саттық) сынды маңызды сұрақтарға тұшымды жауап алуда. Айта кетейік бұл бастама облыс бойынша әр жұма сайын тұрақты түрде өткізіледі. Пәтуа сағаты туралы мешіттерде, әлеуметтік желілерінде қосымша хабарландыру айтылады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары