Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы имамдары көше тазалықшыларына ыстық ас үлестірді
12 қаңтар, 2023 жыл 203 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен облысқа қарасты бүкіл мешіттерде «Қолыңнан келсе, қолғабыс бол!» қайырымдылық шарасы басталды. 

Айта кетейік, бірнеше күннен бері орын алып жатқан ауа райының күрт өзгеруі қала тұрғындарын айтарлықтай әбігерге салғаны жасырын емес. Қақаған аязға қарамай шаһар тазалығының қызметінде жүрген жандарға қуаныш сыйлап, көңілдеріне жылу ұялату мақсатында мешіт тарапынан ыстық тамақ пен шай үлестірілді.

«Осы игі ісімізбен қаламыздың тазалық жұмыстарын атқарып, қоғамның игілігі үшін қызмет етіп  жүрген жандарға алғысымызды білдіргіміз келеді. Сіздердің еңбектеріңіз қашан да құрметке лайық. Алла баршаңызға разы болып, еңбектеріңізге береке берсін», - деді игі істің басы-қасында жүрген облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы.

Сауапты іске мешіт жамағаты мен еріктілері де білек сыбана атсалысты. Аталмыш игі шара бүкіл облысқа қарасты мешіттерде жалғасын таппақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары