Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысы мешіттерінде Қаңтар оқиғасы құрбандарына Құран хатым дұғасы жасалды
06 қаңтар, 2023 жыл 170 Басып шығару нұсқасы

   Бүгін қасиетті жұма күні Қарағанды облысына қарасты барлық мешіттерде былтыр қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың рухтарына Құран хатым дұғасы бағышталды. 

Сауапты шараға облысқа қарасты барлық қала, аудандағы құлшылық ордалары біріге үн қосып, бір мезетте қайғылы оқиғада қаза тапқандардың рухына Құран бағышталды.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған дін қызметкерлері мен жұма намазына жиналған мешіт жамағаты Құран хатым дұғасын жасап, Отан қорғау жолында опат болған сарбаздарымыз бен бейбіт тұрғындардың рухына Құран бағыштады. 

Еске сала кетсек, былтыр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан «1 күнде – 1 Құран хатым» жобасы қолға алынған болатын. Шараның мақсаты – Құранды толық оқып, дұғасын бабаларымыз бен еліміздің ертеңі үшін құрбан болғандандардың рухына бағыштау. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған игі жобаға Қарағанды облысы өкілдігі жыл бойы үлес қосты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары