Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Қарағанды облысының бас имамы Шабанбай би кесенесін зиярат етті
19 желтоқсан, 2022 жыл 545 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Шет ауданына барған қызметтік сапарында «Дархан дала» жобасы аясында аймақтың киелі орындарын зиярат етті.

Атап айтсақ, облыс имамының бастамасымен бір топ салт атты дін қызметкерлері Шет ауданының оңтүстік-шығыс бағытында орналасқан Шабанбай би кесенеcіне зиярат жасап, бабамыздың рухына арнайы Құран бағыштады.

Шабанбай би Қалқаманұлы 1753-1838 жылдар аралығында ғұмыр кешіп, Қарағанды облысының Шет, Ақтоғай аудандарының атырабында билік құрған. Замандастарының бағалауында Шабанбай қазақ халқының аса бай халықтық даналығын бойына жиған зерек, көкірегі қазына, ойы терең, алғыр да тапқыр әділ би болған. Сонымен қатар ол кісі аса қарапайым, мейірімді жан болған деседі.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен отандық туризмді дамыту, дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету мақсатында жүзеге асырылып жатқан игі шара алдағы уақытта Қарағанды облысына қарасты басқа да киелі мекендерде жалғасын таппақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары