Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Әйелдер жамағаты Астанадағы рухани орталықтарды зиярат етті
08 желтоқсан, 2022 жыл 316 Басып шығару нұсқасы

   ҚМДБ-ның «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Касимов Мирас Ерланұлының бастамасымен Астана қаласындағы рухани орталықтарға экскурсия ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, «Ана - Мама» қайырымдылық қорының еріктілері және мешіттің әйелдер жамағаты елордасы Астана қаласына игі сапар  жасады. 

Алдымен ҚМДБ-ның ғимаратында болып, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Оңғаровпен және «Зекет және қайырымдылық» қорының басшысы Мақсатбек Мақсотұлы Қайырғалиевпен кездесті.  Келелі кездесу барысында наиб мүфти Қарағандыдан келген әйелдер жамағатына діни басқарманың негізгі бөлімдерінің бірі саналатын «Зекет және қайырымдылық» қорының қызмет барысын, оның маңызын түсіндіріп, уағыз-насихат айтты. 

Діни басқармадан бастау алған игі сапар әрі қарай Астана қаласында жаңадан ашылған мешітке экскурсия жасаумен жалғасты. Әйелдер жамағаты мешіттің ішкі және сыртқы сәулетімен танысып, ғимараттың сұлулығына тамсанды. Бұдан кейінгі сапар елордадағы ұлттық музейде жалғасып, рухани жәдігерлерімізбен танысты. 

Сапар соңында осындай ерекше сапар ұйымдастырып, ұлттық құндылықтарымыз бен ата дәстүр дініміздің руханиятынан хабар алу мақсатында «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен игі шараға әйелдер жамағаты алғыстарын білдірді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары