Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Әйелдер жамағаты Мәуліт мерекесінде бас қосты
07 желтоқсан, 2022 жыл 300 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналған Мәуліт мерекесі өткізілді.

Аталмыш шара Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының аналар қауымын берекелі мейраммен құттықтау сөзінен басталды.  Ақ жаулықты аналар мен ақ самайлы әжелерге ерекше ілтипаты мен құрметін көрсеткен облыс имамына әйелдер қауымы алғысын білдірді. Сондай-ақ, әжелер қауымының оқыған Құран хатымының арнайы дұғасы бағышталды. 

Шара барысында сектордың Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі әрі қалалық «Әл-Мәшани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы мен облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Жадыра Асылтайқызы әйелдер қауымына Мәуліт мерекесінің ерекшеліктерін баяндап өтті. 

100 адамға жайылған дастархан басында арнаулы қонақтар мен ақ самайлы аналар құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің мерейін асыра түсті. Алла Елшісінің (ﷺ) өнегелі өміріне қатысты сұрақ-жауап сайысы да жиналған жамағатқа екі дүние сардарының шұғылалы өмір-белестерінен зор мағлұмат берді.   

Шара соңында берекелі кешке жиналған аналар мен қыз-келіншектер осындай игі шараның өтуіне мұрындық болған облыс имамына және ұстаздар қауымына ризашылықтарын білдірді.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары