Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Мәди Бәпиұлының тарихи ескерткішін зиярат етті
03 желтоқсан, 2022 жыл 618 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған «Әнет баба» орталық мешітінің қызметкерлері мен Қарқаралы ауданының имамы Митератбек Құбылайханов «Дархан дала» жобасы аясында мемлекет қорғауындағы тарих ескерткіші болып саналатын қазақ өнерінің саңлағы Мәди Бәпиұлының қабірін зиярат етіп, арнайы Құран бағыштады.

Айта кетсек, Мәди Бәпиұлы 1880 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы топығарында туған ақын, әнші-композитор. Қарапайым халықтың құқығын қорғап, әлеуметтік әділетсіздік пен теңсіздік үшін күрескен қайраткер. 

Қазақтың талантты ұлы Мәдидың өнері бір төбе десек, оның бүкіл өмірі, барлық iс-қимылдары, ой-әрекеттерi - ел мен жұрттың жоғын жоқтаудан, кедейге жақ, сараңға өш, зорлықшыға қас, басбұзарға карсы күресуден тұрады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары