Тілдік нұсқа
Радио

Фото

Облыс бас имамы Теміртаудағы дін қызметкерлерімен кездесті
25 қараша, 2022 жыл 242 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде жергілікті дін қызметкерлерімен арнайы жиын өткізді.

Басқосуға облыстық «Әнет баба» мешітінің бір топ ұжымы мен Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінің бас имамы Бейбіт Бақытжанұлы бастаған құлшылық үйінің қызметкерлері қатысты.

Жиында жергілікті діни ағартушылық пен мешіт істері және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен жеті бағыт аясында қызмет атқару мәселелері сөз етілді.

 «Сіздердің әрқайсыңыз асыл дінімізге қызмет етіп жүрсіздер. Алла Тағала осы сауапты істен біздерді айырмасын. Осы мешітте жүріп қызмет ету арқылы еліміздің бүкіл мешіттеріне үлес қосудасыздар. Бұл түптеп келгенде бүкіл дін үшін қосқан үлестеріңіз болмақ. Сіздерді Алла разылығы жолында білек сыбана бірге қызмет атқаруға шақырамын», деді облыс бас имамы өз сөзінде.

 Жиын соңында ақсақалдар ақ батасын беріп, қызметке жаңа тағайындалған облыс бас имамы Естай Айтуғанұлына сәттілік тіледі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары